Skip to content

ТҮРКІСТАНДЫҚ САҒЫНДЫҚ ТОҒАМБАЙ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНАН ЖҮЛДЕМЕН ЕЛГЕ ОРАЛДЫ

     Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен XIX жазғы Азия ойындарында еліміздің намысын бокстан ұлттық құрама сапында өнер көрсеткен жерлестеріміз Сағындық Тоғамбай мен Сәкен Бибосынов туған елге оралды, деп хабарлайды Sanur.kz ақпарат агенттігі.
 
92 келіде еліміздің намысын жоғары деңгейде қорғаған Сағындық Тоғамбай Азия ойындарының қола жүлдегері атанды. Ұлттық құраманың бетке ұстар боксшысы олимпиаданың қола жүлдегері Сәкен Бибосыновтың бұл жолы бокс додасында жолы болмады.
 
Айтулы додадан жүлдемен оралған жігіттерді Түркістан облысының спорт саласының мамандары және туған-туыс, дос-жарандары зор құрметпен қарсы алды. Жиында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Айдос Қалтаев спортшыларымызға және ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжановқа алғыс білдіріп, алдағы олимпиада жолдамасы үшін болатын жарыстарда жеңіс тіледі. Сондай-ақ Мырзағали Құланұлы да құрметпен қарсы алған жанашырларына өз атынан алғыс білдірді.
 
Естеріңізге саламыз, ХІХ жазғы Азия ойындарында бокстан ерлер құрамасы жалпы 7 салмақта жүлдеге таласып, 1 күміс, 2 қоламен жарысты аяқтады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *