Ресейдің Краснодар өлкесінде желкенді спорттан Геленджик регатасының XXXII халықаралық жарысы өтті. Айтулы сайыста Ресей, Беларусь Республикасы, Армения, Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінен 1000-ға жуық спортшы қатысып, жеңімпаздардың есімдерін анықтады, деп хабарлайды Sanur.kz ақпарат агенттігі.
Осындай халықаралық деңгейдегі ауқымды жарысқа Түркістан облысының спортшысы Владимир Чеврычкин бірінші рет қатысып, қола жүлдегер атанды. Айта кетейік, еліміздің намысын халықаралық жарыста 11 спортшы қорғап, жалғыз түркістандық спортшы ғана жүлдегерлер қатарынан көрінді.
Владимир – Түркістан облысының су спорт түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірті. Талантты спортшы Шардара ауданында дүниеге келген, жасы 19-да. Желкен спортымен 6 жылдан бері тұрақты түрде шұғылданып келеді.