Skip to content

ТҮРКІСТАНДЫҚ ЖУРНАЛИСТ «ШАҢЫРАҚ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

        Бүгін Астана қаласындағы Достық үйінде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен «Қоғамдық келісім» РММ ұйымдастыруымен, Қазақстан халқы Ассамблеясының этножурналистика саласындағы «Шаңырақ» республикалық шығармашылық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Sanur.kz.
 
Байқау дарынды журналистерді анықтап, олардың қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтуға және қазақстандық этножурналистика саласын дамытуға қосқан елеулі үлестері үшін ынталандыру мақсатында өткізілді.
 
Байқау барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін, жобаларын жариялап, беделін арттыратын, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуда мемлекеттік саясатты кеңінен насихаттайтын және мемлекеттік тілдің қызмет аясын кеңейтуге бағытталған үздік авторлар іріктелді.
 
Марапаттау рәсіміне Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының меңгерушісі М.Әзілханов, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғ.Шойкин, «Қоғамдық келісім» РММ директоры Э.Масагутова, қазылар алқасының мүшелері, тілші-журналистер, республикалық және облыстық БАҚ өкілдері қатысты.
 
Байқауға республикалық, облыстық және этникалық БАҚ өкілдері қатысты. Салтанатты шарада байқау жеңімпаздары диплом және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
 
Марапат иелерінің қатарында Түркістан облысының журналисі де бар. Бұл орайда, «Жанубий Қозоғистон» қоғамдық-саяси газеті Бас редакторының орынбасары Авазхан Боранбаев «Шаңырақ» республикалық шығармашылық байқауының 2 орын иегері атанды. Ел бірлігі мен этносаралық тақырыпта тұздықты мақала жазып, облыс бойынша қоғамдық келісімді нығайтуға елеулі үлес қосып жүрген журналисті ҚР Ақпарат және мәдениет министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин құттықтап, марапаттады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *