Түркияның Адьяман провинциясында жер сілкінісінен кейін 212 сағат өткен соң үйінді астынан 77 жастағы әйел тірідей шығарылды, деп хабарлайды Sanur.kz порталы Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.
Айта кетсек, Түркияда болған жойқын жер сілкінісі құрбандарының саны 35 мыңнан асты.
Өткен дүйсенбі, 6 ақпанда Кахраманмараш провинциясында жеті баллдан асатын екі жер сілкінісі болды (жергілікті уақыт бойынша 04:17-де – 7,7 балл және 13:24 – 7,6 балл).
Президент Режеп Тайып Ердоған табиғи апат құрбандарына байланысты Түркияда жеті күндік ұлттық аза тұту жариялады. Жойқын жер сілкінісі көршілес елдерде, соның ішінде Сирия, Ливан, Солтүстік Корея, Грекия Кипрінде және Иракта да сезілді.