Skip to content

ТУРКИЯДА ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ ҚАҚПАСЫНДА ЛАҢКЕСТЕР ЖАРЫЛЫС ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

    Түркияда Ішкі істер министрлігінің қақпасында екі лаңкес жарылыс ұйымдастырды. Бұл туралы Sanur.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқиға жергілікті уақыт бойынша 09:30 шамасында болған. Түрік министрінің айтуынша, лаңкестердің бірі өзін-өзі жарып жіберген. Ал екіншісі залалсыздандырылған.

Басқарма басшысының мәліметінше, екі полиция қызметкері жеңіл жарақат алған.

“Екі лаңкес жарылыс жасап, ашық атыс салдарынан екі полицейіміз жеңіл жарақат алды. Біздің командамыз батырлардың тезірек сауығып кетуіне тілектеспін”, – деп жазды Ерликая.

Түрік ақпарат құралдарының хабарлауынша, лаңкестер министрлік ғимаратының кіреберісіне дейін барған. Олардың бірі онда орналасқан жарылғыш затты іске қосқан.

Департаменттің қауіпсіздік қызметі шабуылдаушыларға оқ жаудырды. Атыс болып, нәтижесінде екінші лаңкес залалсыздандырылды. 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *