Түркияның Адыяман қаласында зілзаладан кейін арада 198 сағаттан соң үйінді астынан 18 жастағы Мухаммед Джафер Четин құтқарылды, деп хабарлайды Sanur.kz порталы Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
Құрамында Түркия қарулы күштерінің әскери қызметкерлері, кеншілер, еріктілер бар құтқару бригадасы Абдул Муса көшесінің бойындағы жеті қабатты тұрғын үйдің үйіндісі астынан жас жігітті тапқан.
Сегіз күннен астам уақыт қиранды астында жатқан Четинді бірден ауруханаға әкетті.