Түркияда жер сілкінісі салдарынан қайтыс болғандар саны 12 391-ге, жараланғандар саны 62 914-ке жетті, деп хабарлайды Sanur.kz «Anadolu» ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
6 ақпан күні таңертең Кахраманмараш провинциясында магнитудасы 7,7 болатын жер сілкінісі болды. Түркия президенті атап өткендей, бұл жер сілкінісі 1939 жылдан бері болған ең ірі апат болды.
Түркияда үш күннен бері жерасты дүмпулері жалғасып жатыр.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Үкіметке жойқын жер сілкінісі салдарынан зардап шеккен Түркия Республикасына шұғыл көмек ретінде 1 миллион доллар бөлуді тапсырған еді.