Алматыдағы ҚазҰУ аумағында 17 жастағы жігіт қаза тапты, деп хабарлайды Sanur.kz тілшісі.
Қайғылы жағдай білім ордасындағы субұрқақтың жанында болған. Жігіттің өліміне нақты не себеп болғаны әзірге белгісіз. Алайда бейресми деректерге сүйенсек, ҰБТ тапсыруға келген талапкер субұрқаққа түскен, сол кезде оны тоқ соққан болуы мүмкін.
ҚазҰУ баспасөз қызметінің мәліметінше, қайтыс болған азамат университет студенті емес. Полиция департаменті бұл факт бойынша тергеу басталып, сот-медициналық сараптама тағайындалғанын хабарлады.