Skip to content

ҮКІМЕТ АУРУХАНАЛАР МЕН ЕМХАНАЛАРДЫ JCI ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САПА СТАНДАРТТАРЫ БОЙЫНША САЛУҒА ТЫРЫСАДЫ

                                                                               Үкімет басшысы Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасында қарастырылған жобаларды іске асыру кезінде кешенді тәсілді қамтамасыз етуді тапсырды, деп хабарлайды Sanur.kz тілшісі Үкіметке сілтеп.

Бұл ретте демографиялық көрсеткіштер, сырқаттанушылық деңгейі мен ерекшелігі ескерілуі тиіс. 

 Жаңа медициналық мекемелердің халықаралық сапа стандарттарына, атап айтқанда Joint Commission International (JCI) сәйкестігіне ерекше назар аудару қажет. Қазіргі уақытта JCI халықаралық стандартына Қазақстанда тек 9 медицина ұйымы сәйкес келеді.

«Осы стандарттар бойынша аккредиттелу денсаулық сақтау сапасының “жоғары деңгейін” көрсетеді. Барлық денсаулық сақтау мекемелері осындай деңгейге ұмтылуы керек. Сондықтан негізгі объектілерді жобалау кезеңінен бастап JCI халықаралық стандартының талаптары ескеріліп көзделуі тиіс», — деді Олжас Бектенов.

Премьер-Министр жалпы, денсаулық сақтаудың жаңа және реконструкцияланатын барлық жобаларына тұрақты мониторинг жасауды жолға қойып, оның ішінде цифрландыру арқылы іске асыру қажет екенін атап өтті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *