Skip to content

ҰЛТТЫҚ КИІМ – ҰЛТ БОЛМЫСЫНЫҢ БАСТАУЫ

       Қазақтың қай мерекесі болмасын ұлтқа тән тіл мен ділдің, салт-дәстүрдің мейлінше жаңарып, жасарған, замана талабына шынайы түрде ұласқан мереке шаттығы. Ізгілік пен мейірімділіктің, ауызбіршілік пен берекенің мерекесі атанған Әз-Наурыз мейрамы қарсаңында Жетісай қаласындағы «Тәуелсіздік мтнументі» алаңында «Наурыз – татулық дәстүр мен меймандостық мерекесі» ұранымен мерекелік шара болып өтті. Бұл туралы Sanur.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
 
Аудан әкімінің орынбасарлары мен өзге де мемлекеттік қызметшілер қатысқан шарада ақ кимешекті әжелеріміз елді ауызбіршілік пен ынтымаққа шақырды, аудан тұрғындарын айтулы мерекелерімен құттықтады. Ел арасындағы ынтымақты сақтауда және қоғамдық істерде белсенділік танытып көктемнің жаршысындай қызылды-жасылды ұлттық киімдерін киіп, көктем гүліндей құлпырған жастар мен аудан өнерпаздары әуелете ән шырқап, қатысушыларға мерекелік көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
 
Жер бусанып, бәйшешек гүлдейтін, төрт түлік мал төлдеп, ағаштар бүршік жаратын, табиғат ананың ұйқысынан оянар кезінде бастау алған мұндай игілікті шара ауданның барлық ауылдық округтері мен кентінде өз жалғасын тапты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *