Skip to content

ҰРЛЫҚҚА ТҮСКЕН КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ

   Түркістан облысында екі көршінің үйіне ұрлыққа түскен күдікті ұсталды. Жетісай аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Ер адам өз хабарламасында, үйіне белгісіз біреу кіріп, 2 бірдей ұялы телефонын ұрлап шыққан сәтінде ұстап алғанын жеткізді. Аталған жайт бірден ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» қылмыстық құқық бұзушылығы бойынша тіркеуге алынды.          

   Оқиға орнына шыққан полицейлер, күдіктіні полиция бөліміне жеткізді. Ол бұрын сотты болған, алайда 1 ай болмай қайта қылмыс жасағаны белгілі болды.   Сондай-ақ тексеру кезінде күдікті жәбірленушінің үйінен бөлек, оның көршісінің үйіне ұрлыққа түскені анықталды.  Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жалпы өткен 2022 жылы Жетісай ауданында телефон ұрлығының тіркелімі 64,0% пайызға азайған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *