Төтенше жағдай министрінің орынбасары Бауыржан Сыздықов су басқан үйлердің мәселесі қалай шешілетінін айтты, деп хабарлайды Sanur.kz.
Вице-министр су тасқынының салдарымен күресу үшін қанша қаржы бөлінгенін айтты.
Жалпы 7 млрд теңгеден аса қаражат бөлінбеген, қаржы тек қарастырылған. Мұны сіз дұрыс түсінуіңіз керек. Бұл қаражат жергілікті атқарушы биліктің бюджетінде қарастырылған. Бүгінде әкімдіктердің мәліметінше, су тасқынның алдын алуға және оған қарсы күресуге 3 млрд теңгеден аса қаржысы бөлінген, — деді вице-министр үкімет отырысынан соң өткен брифингте.
Оның айтуынша, қазіргі жағдайдан сабақ алуымыз керек.
Бүгінгі таңда мемлекеттік деңгейдегі жұмыс тобы құрылды. Әкімдіктер де сондай комиссия тобын жасақтады. Олар зерттеу жұмыстарын жүргізіп, талдау жүргізеді. Ешкім назардан тыс қалмайды. Осы жұмыс тобы су астына қалған үйлердің қайда салынатынын шешетін болады. Әрине, ол үйлер қауіпсіз жерлерде тұрғызылады, — деді Сыздықов.