Skip to content

ЖАЛҒЫЗІЛІКТІ ҚАРТТАРҒА ДАСТАРХАН ЖАЙЫЛДЫ 

      Қарттарым – асыл қазынам ! Жетісай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдаралмалар бөлімінің ұйытқы болуымен  Асықата кентіндегі НұрӘн тойханасында жалғызбасты қарттарға арналып ақ дастархан жайылды. Қартайған шағында жалғыздықпен дос болған қамқөңіл қарияларға Асықата мәдениет үйінің өнерпаздары концерт қойып, көтеріңкі көңіл – күй сыйлады, деп хабарлайды Sanur.kz тілшісі.

Жайылған мол дастархан, шырқалған ән, бәрі – бәрі қарттардың құрметіне арналды. Шараға аудан әкіңмінің орынбасары Серік Пірімбеков арнайы қатысып, қамкөңіл қарттарды жылына бір келетін төл мерекесімен құттықтады. Қазыналы қариялар  қашанда қоғамның ең сыйлы мүшесі, ақылгөй данасы, жатілеулес, ниеттесі  екенін алға тартты.

СЕРІК ПІРІМБЕКОВ; АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

 –  Баршаңызды 1 қазан қарттар мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Елімізде бұл мереке 1990 жылдан бастап  ұлттық мерекеге айналды. Дегенмен бұдан алдын да тойланып келген. Сіздердің әрқайсыларының осындай жайма шуақ күнде ақ дастархан басында, құрмет төрінде болғандарыңыз қандай жақсы
КСМ: Жетісай ауданында  17 мыңнан аса зейнеткер бар. Соның 247 – сі жалғызбасты. Оларға 45 әлеуметтік қызметкер көмек көрсетеді. Қарттар күніне орайласытырлыған шара мұнымен ғана шектелмейді дейді сала басшысы.

НҰРЛАН РАЙЫМБЕКОВ; ЖЕТІСАЙ АУДАНДЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

Бүгінгі дастархан 100 ден астам жалғызбасты қарттарға арналып жайылды. Көбі келе алмады. Денсаулықтары жарамады. Олардың үйлеріне барып, мерекелік себет табыс еттік. Қарттарға құрмет мұнымен шектелмейді. 4- қазан “Асыл қазына. Тең Қоғам” мекемесінде үлкен іс – шара өтеді. Барлық ауылдық округтерде өтіп жатыр. Бүгінгі дастарханды ұйымдастырып берген демеушілерге алғыс айтамыз. 

Мерекелік кеш барысында қарттарға арнап ізгі тілектер легі ағылды. Сыйлықтар табысталып, әр күнін шуақты, мерекелі өткізуге титтей де болсын үлес қосты.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *