180 мыңнан астам студенттің шәкіртақысы артады. 2024 жылдың қыркүйегінен бастап шәкіртақылар ұлғаяды, деп хабарлайды Sanur.kz тілшісі
Атап айтқанда:
жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттерге – 41 898 теңгеден 47 135 теңгеге дейін;
педагогикалық бағыттар бойынша оқитын студенттерге – 67 200-ден 75 600 теңгеге дейін;
”Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша оқитын студенттерге – 67 200-ден 75 600 теңгеге дейін;
интерндерге – 75 890 теңгеден 85 376 теңгеге дейін;
магистранттарға – 97 024 теңгеден 107 061 теңгеге дейін;
докторанттарға – 217 500 теңгеден 240 000 теңгеге дейін;
«Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша оқитын докторанттардың шәкіртақысы – 217 500 теңгеден 240 000 теңгеге дейін;
«Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша резидент дәрігерлер мен магистранттарға – 111 579 теңгеден 123 122 теңгеге дейін.
Осы жылдың бюджетінде стипендияларды ұлғайтуға қаражат толық көлемде жоспарланған.