Мақтаарал ауданына қарасты Жаңа жол ауылдық округінде жаңа стадионның құрылысы аяқталып қолданысқа берілді. Бүгінде ауылдың кәсіпқой, әуесқой спортшылары үшін таптырмас орынға айналып отыр. Әсіресе футболға икемі бар ауылдың қарадомалақтары үшін үлкен қуаныш болды, деп хабарлайды Sanur.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұқаралық спортты дамыту, балаларға спорттық инфрақұрылымның барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету тапсырмасына сәйкесаудан аумағында көптеген спорт нысандары ашылып, тұрғындар игілігіне берілуде. Жақында Жаңажол ауылдық округі Ақжол елді мекенінде бой көтерген шағын футбол алаңы пайдалануға берілді.
МАРАТ ЕСЕНҰЛЫ; АУЫЛ ӘКІМІ
Бұл спорт алаңшасы май айында салынып бітуі керек болатын. Мердігер компанияның кешіктіріп салуына байланысты августь айына өздерінің жеке жоспарын алғанбыз. Ол кісілер августтың аяғында бітіріп бәрін орналастырып береміз деген. Қазіргі таңда ол кісілер аяқтады. Стадионға мемлекеттік бюджеттен 16 млн 558 мың теңге қаралған болатын. Мемлекеттік портал арқылы 13млн 552мың теңгеге мердігер компания ОПС ИК ЖШС ұтып алды.
Футбол алаңшасы ауыл мектебінің алдынан ашылды. Дене шынықтыру сабағында мұғалімнің қадағалауымен балалар осында доп теуіп спортпен шұғылданатын болады. Ал кешкі уақытта ауылдың жастары да, ересек тұрғындары да бос уақытын тиімді өткізіге мүмкіндігі бар. Ол үшін жарық шамдарда орнатылған.
ҚАНАЙ ТАСБОЛАТОВ; МҰҒАЛІМ
Керемет. Мына күндіз сабақта, кешке ауыл тұрғындары үшін де есігі ашық. Балдарымызға кешке таманға мына свет орнатылған. Міне балдарымыз кіші футболдан ойнап бүгіннен бастап кіріп жатыр міне. Құдай қаласа. Келешегі осы спорт түрінен аудандық жарыстарда жоғары нәтижені мектебіміз көрсетеді деген сенімдеміз. Жастарымыздың құлшынысы жақсы футболға деген.
Жергілікті бюджет есебінен 13 млн 552теңге қаражатқа бой көтерген бұл нысан ауыл халқын дене шынықтыру және спортпен жүйелі айналысуға тарту мақсатында жасалынып отыр. Жауапты басшылардың айтуынша округтегі Нұрлы жол, Өрегбас, Арайлы елді мекнедерінде спорт алаңшаларын салу жоспарлануда.