Skip to content

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДАҒЫ ЖӘРМЕҢКЕДЕ 16 ТОННА ӨНІМ САТЫЛДЫ

      Жетісай ауданының тұрғындарын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен қолжетімді бағада қамтамасыз ету мақсатында кезекті жәрмеңке өтті, деп хабарлайды Sanur.kz тілшісі.
 
Жетісай қаласындағы орталық алаңда ұйымдастырылған ауданның тауар өндірушілері ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесінде 16 тоннаға жуық қияр, қызанақ, болгар бұрышы, баклажан, асқабақ, жүзім, алма, картоп, пияз, сәбіз, қызылша, қауын, қарбыз, сүт және балық сынды тұтынушылардың негізгі қажеттіліктері базар бағасынан 10-15 пайыз төмен бағада тұтынушыларға сатылды.
 
Бұған дейін де аудан әкімдігінің қолдауымен өткізілген жәрмеңкелерде әлеуметтік қолдауды қажет ететін көпбалалы және аз қамтамасыз етілген отбасыларға көмек ретінде азық-түліктер мен киім-кешектер үлестірілген болатын.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *