Skip to content

ЖЕТІСАЙДА ҚАР ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

      Жетісай ауданында тұрғындардың және көлік жүргізушілерінің қауіпсіз жүріп-тұруын, көктайғақта орын алуы ықтимал түрлі қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында аудан әкімі Серік Мамытовтың тапсырмасымен қала, кент, барлық ауылдық округтерде қардан тазалау жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Sanur.kz тілшісі.
 
Аталған жұмыстарға 5 техника мен 30-ға жуық адам жұмылдырылды. Жаңбыр аралас жауған қардан кейінгі ауа-райының суытуына байланысты мұз қатуының алдын алу мақсатында көшелерге тұз аралас құм себіліп жатыр.
 
Айта кетейік, аудандық маңызы бар автомобиль жолдары мен елді мекендердегі ішкі көшелерді қардан тазалап, көктайғақты болдырмау үшін инертті материалдардан 180 куб құм (280 тонна) мен 25 тонна тұз, 5 арнайы техника, республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына 160 куб құм мен 60 тонна тұз, 7 арнайы техника, ал облыстық маңызы бар автомобиль жолдарына 250 куб құм мен 40 тонна тұз, 7 арнайы техника пайдаланылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *