Жетісайлық шаруалар мақта терім науқанын бастап кетті. Алқаптардағы ақ алттының басым бөлігі техниканың күшімен жиналуда. Жалпы ауданда биыл 45 200 гектар жерге мақта егілді. Өнімді жинауға 224 комбайын сақадай сай. Негізгі күн көрісі ауыл шаруашылығы саналатын аграрлы аймақ Жетісай ауданы үшін әрбір минут маңызды, деп хабарлайды Sanur.kz ақпарат агенттігі.
Ала жаздай таңнын атысынан кештің бастысына дейін тынымсыз еңбек етіп жүрген Жетісайлық шаруалар мақта терім науқанын техникамен бастады.Дихандар мол табысқа жетуде уақыттылы дән сеуіп, дер кезінде минералды тыңайтқыштарды беріп,кешіктірмей суару үлкен рөл атқаратындығын айтады.Мәселен аудандағы Нұр ауыл елді мекеніндегі Төлеген шаруа қожалығы жаздың аптап ыстық болуына байланысты өнім жылдағыдан төмендеу деп отыр.
АҚЖІГІТ ӘЛІПБЕКОВ; ШАРУА
—Ал енді мынау былтырғы мен биылғы өнімді салыстыратын болсақ,биыл енді мынау өздеріңіз білесіздер,жаз айлары өте қатты ыстық болды,мынау көсектің біразын күйдіріп жіберді.су тапшылығы болсы сосын мынау өнім жалпы жаман емес орта есеппен 20-25 центтер мақта алып отырмыз.
Жалпы аудан көлемінде 79 000 гектар суармалы жердің 45 200 гектар жеріне мақта дақылы егіліп отыр. Өнімді шашпай төкпей жинап алу үшін алдымен дефолация шашу жұмыстарын дұрыс жүргізу маңызды.
НҰРТАС ТҰРСЫНБЕКОВ; ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МЕН ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
—Бізде қәзіргі таңда 40 мың гектарға жуық дефолациялау жұмыстары жүргізілді.бұдан ккейінде ары қарай жалғасады дефолациялау жұмыстары.Яғни бірінші комбайн терместен бұрын дефолациялау қажет.Ол жерде дефолациялауда мақтаның жапрағын түсіру,және сол жердегі ерте мынау көзегін ашып дайындау.Көп комбайндар жондыр комбайндары мақта көк жерлерді тере алмайды.Сол себепті міндетті түрде дефолациялау жұмыстарын жүргізу қажет.
Жетісай ауданындағы мақта терім маусымын бақылау мақсатында жұмысшы топ құрылып отыр.Егерде шаруалар мақта қабылдау бекеттер тарапынан қандайда бір теріс әрекеттер көріп шағым түсіргісі келсе арнайы құрылған жұмысшы топқа арыздана алды.
НҰРТАС ТҰРСЫНБЕКОВ; ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МЕН ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
—Бізде арнайы облыстан жұмысшы топ құрылған.Сол жұмысшы топтты таныстырып,кәзіргі таңда сол жұмысшы топ жұмыс істеп жатыр.Ол жұмысшы топтың жұмысы біздің аудандағы барлық мақта қабылдау бекеттері зауыттардағы таразылар мен зертхана жұмысы мен танысу.Ол жерге барып көріп не кемшілігі бар көріп алдағы уақытта сол жағдайды болдырмау мақсатында, наразылықтар кейбіреулер зертхана жұмысына көңілі толмай айтып жатады,біреулер таразы көңілі толмай жатады сол наразылықтарды болдырмау мақсатында бізде облыс тарапынан жұмысшы топ құрылды.
Жауапты мамандардың басты міндеті,дихан шаруаларының маңдай тері тамған ақ алтынды жауын шашынға қалдырмай қырманға толтыру болып отыр.