Skip to content

ЖЕТІСАЙДА МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БҮЛДІРШІНДЕРГЕ СЫЙ-СИЯПАТ ЖАСАЛДЫ

     Жетісай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің психоневрологиялық ауытқуы бар және тірек-қимылы бұзылған мүгедек балаларға арналған «Үміт ұясы» күндіз болу оңалту орталығында Мемлекет басшысының Жарлығымен Наурыз мерекесін он күн бойы атап өту бойынша тапсырмасы аясында «Наурыз – мейірімділік мерекесі» іс-шарасы болып өтті. Бұл туралы Sanur.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
 
Шараға аудан әкімінің орынбасары Серік Пірімбеков арнайы қатысып, негізгі мақсаты бүлдіршіндердің бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру, қажетті емдік шараларын уақытылы жасау болып саналатын орталықтың бүлдіршіндеріне сый-сияпат жасады. Концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, салт-дәстүрлерден көріністер қойылды.
 
Бүгінде аталмыш орталықта мүмкіндігі шектеулі балаларға күйзелістен шығару үшін логопед, психолог, дефектолог, еңбек, музыка, массаж, емдік дене шынықтыру және дене шынықтыру мамандары балаларға арттерапия, әуен терапиясы, құм терапиясы және иппотерапия сынды емнің тиімді тәсілдері қолданылып, бірқатар оң нәтижелерге қол жеткізіліп келеді.
 
Негізінен әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-құқықтық қызмет түрлерін көрсететін аталмыш орталықта 40-қа жуық бүлдіршінмен 21 маман жұмыс жүргізуде.
 
Бүлдіршіндердің дене шынықтыру, физикалық ем-дом жасау кабинеті мен психологиялық тынығу бөлмесі заманауи құрал-жабдықтармен жасақталған. Аталмыш кабинеттерде тірек-қимылы кешеуілдеген бүлдіршіндер физикалық жаттығулар жасап, музыкалық терапиямен емделулеріне толық мүмкіндіктер қарастырылған.
 
Мерекелік шара соңында қаржылай және заттай демеушілік жасаған азаматтарға аудан әкімі Серік Мамытов пен аудандық маслихат төрағасы Медет Қасымовтың, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Нұрлан Райымбековтың алғыс хаттары табыс етілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *