Skip to content

ЖЕТІСАЙДА ҰСТАЗДАР ҰЛЫҚТАЛДЫ

      Жетісай ауданында «Мұғалімдер күні» мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті. Жиынға Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов пен ауданның бас ұстазы Ғазиза Шүкірбаева, «Amanat» партиясы Жетісай аудандық филиалының төрағасы Әділхан Асауов пен аудандық мәслихат депутаттары, Түркістан облысы білім басқармасының педагог әлеуетін дамыту бөлімінің бас маманы Зубайра Алтаева мен мектеп директорлары, мұғалімдер мен ардагер ұстаздар қатысты. Бұл туралы Sanur.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
 
Заман талабына сай әр баланың қабілетіне қарай дарындылығын дамытып, дүбірлі білім жарыстарында жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шәкірт шығарып жүрген ұлағатты жандардың ерен еңбектері ескеріліп сый-құрметке бөленді. Биіктерді бағындырып, білім бәсекесіне қабілетті шәкірттерді тәрбиелеп жүрген тәжірибелі ұстаздар аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.
Аудан өнерпаздары мен мектеп оқушылары концерттік бағдарламаларын ұсынып, көпшілікке мерекелік көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Әуелете ән салып, күмбірлете күй төкті. Мың бұрала би билеп, Жетісай аспанын шаттыққа бөледі.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *