Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасына сәйкес Жетісай ауданы әкімінің IV тоқсандағы Абай ауылдық округі тұрғындарымен есептік кездесуі кезінде Жетісай аудандық мәслихатының депутаты Жанарыс Талипбеков Ералиев ауылдық округінің Жағажай елді мекеніндегі өзінің иелігіндегі 2,5 га жерді өрт сөндіру бекетін салуға тегін берді, деп хабарлайды Sanur.kz.
Өрт сөндіру және құтқару бекеті іске қосылғанда 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ. Ж.Ералиев, Абай және Қызылқұм ауылдық округтеріне қарасты елді мекендерде өрт бола қалған жағдайда немесе тұрғындардың суға бату фактілері тіркелгенде уақыттан ұтылмай, дер кезінде көмек көрсетуге үлкен септігін тигізеді.
Халық қалаулысы өткен жылы иелігіндегі 90 сотық жерінің 28 сотығын Ж.Ералиев ауылдық округінің Жағажай елді мекенінен фельдшерлік-акушерлік пункт салуға, 28 сотығын спорт алаңшасын салуға, 28 сотығын ауыл тұрғындарына аллея салуға тегін берген.