Бүгін Қарағанды обылсында «Альфард» көлігі аударылып, 7 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Sanur.kz тілшісі
Көлік апаты бүгін сағат 10:00-ге қарай «Қарағанды-Балқаш» бағытындағы жолдың бойында Құрма ауылынан екі шақырым жерде болған. Қарағанды облысы полиция департаментінің хабарлауынша, апатқа көктайғақ себеп болуы мүмкін. 54 жастағы жүргізуші рульге ие бола алмай, «Тойота Альфард» көлігі аударылып қалған. Сол жерде жүргізуші мен 6 жолаушы көз жұмды. Оның екеуі бала. 12 жастағы қыз бала ауруханаға жеткізілді.
Қазір жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалды.