Skip to content

ЖҮРЕК –  ҚАН  ТАМЫРЛАРЫ  АУРУЛАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ  

    Қазақстанда жыл сайын шамамен 80 мың адам жүрек қан – тамыр ауруларының салдарынан мына өмірмен қош айтасады. Еуропа мен Ресейде бұл көрсеткші тіптен жоғары. жылына 3 млн адамды жалмайды.  Жалпы өлім-жітімнің 52 пайызын жүрек-қан тамыры аурулары құрайды екен.Сондықтан аурудың алдын алудың маңызы зор дейді кардиолог дәрігерлер, деп хабарлайды Sanur.kz ақпарат агенттгі.

   Адам моторы саналатын жүрек тоқтаусыз жұмыс істеп тұрсын десеңіз , ең алдымен жеген тамағына мән беріңіз. Өтйкені дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қазіргі уақыттағы жүрек- қан тамыры ауруларының эпидемиясы тамақтану құрамының өзгеруіне тікелей байланысты деп отыр. Жүрек-қан тамыры ауруларын қоздыратын тағы бір себеп – стресс, торығу, ол адамдарды жасына қарамай, жүрек талмасына ұшыратады. Саалауатты өмір салтын ұстану да барлық аурудың алдын алудың ең оңай жолы.  Аурудың  болдырмаудың бұдан басқа да түрлі жолы бар. Мамандардың өзі сөйлесін.

ЛАУРА АЛИКЕНОВА; ДӘРІГЕР – КАРДИОЛОГ

– Стрестік жағдайлар, біріншіден, жүйке жүйесінің ауруы, болған жағдайларды жүрекке жақын қабылдамау. Дұрыс тамақтану, спортпен шұғылдану, белсенді өмір сүру. Оған уақытты дұрыс пайлана білу жатады. Мысалы таңертең салқын душ қабылдауға болады орта жағдайдағы қан қысыммен жүретін кісілерге. Көкөніс пен жеміс жидекті көп қолдану, майлы тағамдарды шектеу. Одан кейін орнында 1 сағаттан артық отырмау.

   Иә, ауырып ем іздегенше ауырмайтын жол тапқан әлдеқайда жақсы. Дәрігерлердің осы бір кеңесін мың рет естісек те, маңыз бермеуіміз өкінішті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *