Skip to content

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ҚЫЗЫЛША ЖҰҚТЫРДЫ

       Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният еліміздегі қызылшаның ахуалы туралы айтты, деп хабарлайды Sanur.kz тілшісі.

Соңғы 15 жылдың ішінде республикада 3 рет қызылша ауруының өсуі тіркелді, бұл — 2005, 2015, 2019 жылдары. Аурудың кезекті өсуі 2023 жылы басталды.

2023 жылдың соңында елде қызылшаның 29 648 жағдайы тіркелді, оның 80%-ы (23 501 жағдай) 14 жасқа дейінгі балаларға тиесілі. Осы жылдың 1 қаңтарынан бастап қызылшаның 1674 жағдайы тіркеліп отыр. Желтоқсан айында 2023 жылғы қарашамен салыстырғанда 11 өңірде сырқаттанушылықтың өсуі байқалды, – деп мәлімдеді Ажар Ғиният.

Министрдің сөзінше, қызылша бойынша жағдайды тұрақтандыру мақсатында ауруға қарсы жоспарлы вакцинациялау жүргізілді, бір жастағы және алты жастағы 700 мыңға жуық бала екпе алды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *