Skip to content

ЗОРЛЫҚ ЖАСАДЫ ДЕГЕН КҮДІКТІ ИЗОЛЯТОРДАН ҚАШЫП КЕТТІ

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше,  зорлау ісі бойынша изоляторда отырған күдікті қашып кетті. Қазір Алматы облысына блокбекеттер қойылды, деп хабарлайды Sanur.kz тілшісі

 «Уақытша ұстау изоляторынан зорлау жасады деген күдікпен қамауда отырған К, есімді азамат қашып кетті. Осыған байланысты «Сирена» жоспары енгізілді. Негізгі жолдарға блокбекеттер қойылып, қашқынды табу және ұстау үшін барлық күш пен құралдар жұмылдырылды», — делінген хабарламада.

Қашу әрекетінің қалай болғаны қызметтік тексеруде анықталады.

Жағдай облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *