Skip to content

1 ҚАЗАНДА ТҰМАУҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ САЛУ НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ

      Елімізде тұмауға қарсы екпе салу науқаны 1 қазаннан басталады, деп хабарлайды Sanur.kz.

   Сала мамандары тұмаумен ауырғандардың басым бөлігі мегаполистердің тұрғындары екендігін айтады.

   Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова қазірдің өзінде 2 миллионнан астам доза сатып алынғанын мәлімдеді.

    Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, биылғы тамыз айында тұмау жұқтырғандар саны 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8 пайыз жоғары.

1 қазаннан екпе салуды бастаймыз. Екпе медицина қызметкерлеріне, созылмалы аурулары бар адамдарға, медициналық-әлеуметтік мекемелердегі адамдарға және қатар жүретін аурулары бар балаларға салынады. Орташа алғанда біз 2,5-2,7 миллион адамға екпе саламыз, бұл еліміздегі тұрғындардың 12-15 пайызы, – деді денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *