Skip to content
Главная страница » 1 СӘУІРДЕ 456,7 МЫҢНАН АСТАМ АДАМҒА АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

1 СӘУІРДЕ 456,7 МЫҢНАН АСТАМ АДАМҒА АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

      2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 87 мың отбасындағы 456,7 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) тағайындалды. Биыл осы мақсаттарға бюджеттен 73,9 млрд теңге бөлінді.

  Бұл туралы Sanur.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

   АӘК отбасының әрбір мүшесіне жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен азаматтарға тағайындалады.

  Осы жылдың 1 қаңтарынан бастап берілген кепілдендірілген әлеуметтік топтама көмектің табиғи нысанынан, монетизациялау форматына қосымша төлем түріне 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда 1,5 АЕК мөлшеріне (2023 жыл – 5175 теңге) ауыстырылды.

  2023 жылғы 1 сәуірдегі жадай бойынша АӘК алушылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда – 137,3 мың балаларға қосымша төлем тағайындалды.

   «Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығында, ауыл округінің әкіміне сондай-ақ egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы бере алады»,-делінген хабарламада.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған