Skip to content

13 МЫҢҒА ЖУЫҚ ШЕТЕЛДІК КӨЛІК ЗАҢДАСТЫРЫЛДЫ

  Елімізде  шетелдік көліктерді заңдастыру науқанының алғашқы үш күнінде 13 мың өтініш мақұлданды, деп хабарлайды Sanur.kz.  

  Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 13 мың өтінім мақұлданып, 900-ге жуық адам жаңа нөмір алды. Аталмыш науқан барысы 2023 жылдың 23 қаңтарында басталды.

  «Қазіргі уақытта 13 мың өтінім алдын ала мақұлданған. 879 адам өз көліктерін сәтті заңдастырды. Оларға қазақстандық техпаспорттар мен мемлекеттік нөмірлік белгілер берілді», делінген ведомство хабарламасында.

  Аталған науқан басталар алдында «Азаматтарға арналған үкімет» және ҚР ІІМ Қазақстанда шетелдік көліктерді заңдастырудың тез әрі дұрыс рәсімдеу жолдары туралы ақпаратпен бөліскен болатын.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *