Skip to content

2022 ЖЫЛЫ ҚАТТЫ ТҰРМЫСТЫҚ ҚАЛДЫҚТАРДЫҢ 2,6%-Ы ҒАНА ҚАЙТА ӨҢДЕЛГЕН

    2022 жылы еліміз бойынша қатты тұрмыстық қалдықтардың тек 26%-ы қайта өңделген және кәдеге жаратылған. Мұндай деректер Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ашық талқыға шығарған «2023-2029 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымын дамыту тұжырымдамасында» келтірілген, деп хабарлайды Sanur.kz.

    «Қазақстандағы қатты тұрмыстық қалдықтардың (ҚТҚ) негізгі бөлігі, яғни 97%-дан астамы ашық үйінділерге шығарылады. Былтыр қайта өңделген және кәдеге жаратылған ҚТҚ үлесі 26% болды. 2021 жылы 21,1%-ы кәдеге жаратылған», – деп жазылған құжатта.

    Өткен жылы ғарыштық мониторинг нәтижесінде қоқыстарды рұқсат етілмеген жерлерге төгудің 5 683 дерегі анықталған. Оның тек 4 325-і ғана жойылды.

    «Анықталған ең үлкен қоқыс үйінділерінің көбі Ақмола – 830 (91%-ы жойылды), Қарағанды – 745 (98%-ы жойылды), Түркістан облыстарында – 428 (88%-ы жойылды) байқалады. Абай және Ұлытау облыстарында қоқыс үйінділерін жою бойынша жұмыс нашар жүргізіліп жатыр», – деп мәселе көтерілген тұжырымдамада.

     Құжат 15 наурызға дейін көпшілік талқылауда болады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *