Skip to content

2026 ЖЫЛҒА ҚАРАЙ ҚАНТ ШЫҒАРУ КӨЛЕМІН 180МЫҢ ТОННАҒА ЖЕТКІЗУ ҚАЖЕТ – ПРЕМЬЕР

     2026 жылға қарай қант шығару көлемін 180 мың тоннаға жеткізу қажет. Жетісу облысына жұмыс сапары барысында Көксу қант зауытына барған Премьер-Министр Әлихан Смайылов осындай міндет қойды, деп хабарлайды Sanur.kz Үкметтің ресми сайтына сілтеме жасап.

     Әлихан Смайылов мемлекет ақ қант өндірушілеріне, оның ішінде «айналым схемасы» шеңберінде бұрын-соңды болмаған қолдау шараларын көрсетіп отырғанын атап өтті. Қант қызылшасының егіс алқаптарын 15 мың гектарға дейін кезең-кезеңімен ұлғайтуды көздейтін қант саласын дамытудың кешенді жоспары қабылданған. Атап айтқанда, Жетісу облысында 2026 жылға қарай жалпы жиналған өнім шамамен 525 мың тоннаға жетпек.

   «Осыған байланысты жаңа алқаптарды өңдеп, суармалы жерлерді қалпына келтіру бойынша шаралар қабылдау маңызды. Сумен қамтамасыз ету бөлігінде су шаруашылығы объектілерін реконструкциялау жөніндегі шаралар көзделген. Қант зауыттары да жаңғыртылып, 2026 жылға қарай өндірілетін ақ қант көлемін 180 мың тоннаға дейін жеткізу қажет», – деді ол.

   Мұнда Үкімет басшысы өңірдің ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшыларымен кездесу өткізіп, субсидиялау, жер алқаптарының қолжетімділігі, басқа да қолдау шараларын ұсыну мәселелері туралы пікір алмасты.

  Әлихан Смайылов Ауыл шаруашылығы министрлігіне көтерілген проблемаларды талдау және оларды шешу бойынша нақты ұсыныстар енгізуді тапсырып, өткен жылы мемлекет саланы қаржыландыруды екі есеге арттырғанын және осы көлем биыл да сақталғанын айтты.

   Айта кетсек, бірнеше жыл бұрын кәсіпорында жоғары сапалы шетелдік жабдықтар орнатылып, жылумен жабдықтау газға ауыстырылған және жаңа техника сатып алынған. Өткен жылдың қорытындысы бойынша зауыт 70 мың тоннаға жуық қант шығарды, 2023 жылға арналған жоспар – 92 мың тонна.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *