Skip to content

2029 ЖЫЛҒА ДЕЙІН 150 МЛРД ДОЛЛАР ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ ҚАЖЕТ – ПРЕМЬЕР МИНИСТР

     Тәуілсіздік жылдары елімізге 410 млрд доллар тілкелей инвестиция тартылды. Мұны Чех-Қазақстан бизнес-формуына қатысқан Премьер-Министр Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды Sanur.kz.

    «Тәуілсіздік жылдары елімізге 410 млрд доллар тілкелей инвестиция тартылды. Стратегиялық мақсат – 2029 жылға дейін тағы 150 млрд доллар инвестиция тарту. Инвесторларға жан-жақсы мемлекеттік қолдау көрсетіледі, сонымен қатар оларға салықтық жеңілдік жасалады. Бұған қоса, Қазақстандағы арнайы экономикалық аймақтарға тартылған инвесторларға барлық инфроқұрылымдық қолдау көрсетіледі. Осы орайда «Астана» Халықаралық қаржы орталығына тоқталғым келеді. Оның қызметі шетелдік инвесторларға қажетті жағдай жасауға, оларға қолдау көрсету тетіктерін пысықтауға арналған», – деп мәлім етті Премьер-Министр бизнес-форумның ашылу салтанытында сөйлеген сөзінде.

     Оның сөзінше, бүгінгі форум Қазақстан мен Чех Республикасы арасындағы өзара тауар айналымы мен инвестициялардың көлемін ұлғайтуға ықпал етпек. Сонымен қатар, серіктестік аясында жаңа жобаларды қолға алу жоспарланып отыр.

    Бұған қоса, Үкімет басшысы өткен жылы Қазақстан мен Чехия арасындағы тауар айналымы 67%-ға өскенін атап өтті. Сондай-ақ, 15 жылда чехиялық компаниялар Қазақстан экономикасына 270 млн доллар инвестиция салған.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *