Skip to content

220 МЫҢНАН АСТАМ ПЕДАГОГ ЖАЛАҚЫСЫНА 50%- ҒА ДЕЙІН ҚОСЫМША АҚЫ АЛАДЫ

   Елімізде 350 мыңнан астам педагог еңбек етуде. Оларлың 220 мыңнан астамы аттестация қорытындысымен тағайындалған біліктілік санаты үшін жалақысына қосымша ақы алады, деп хабарлайды Sanur.kz ақпарат агенттігі.

  Мысалы, педагог-шеберге 50%, педагог- зерттеушіге 40%, педагог-сарапшыға 35%, педагог-модераторға 30% қосымша ақы төленеді. Елімізде барлығы 73 820 педагог-модератор, 81 168 сарапшы, 71 141 зерттеуші, 3482 шебер бар.

  Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 4 жыл ішінде педагогтердің жалақысы 100%-ға, яғни, екі есеге арттырылды. Сондай-ақ 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру педагогтерінің еңбекақысы 30%-ға көбейтілді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *