Елімізде 29,3 миллион гектар жер эрозияға ұшыраған және пайдалануға
жарамсыз, бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Үкімет отырысында мәлімдеді. Алдағы уақытта қандай шаралар атқарылады, жерді құнарландыру тәсілдері қандай болмақ алдағы бейнематериалда.
Бүгінде учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жерге деген немқұрайлығынан эрозияға ұшыраған және эрозиялық-қауіпті ауыл шаруашылығы жерлерінің алаңы 90 миллион гектардан асады, оның 29,3 миллион гектары іс жүзінде эрозияға ұшыраған және одан әрі пайдалануға жарамсыз.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында 2022 жылдан бастап 205,4 миллион гектар алаңда ауыл шаруашылығы жерлерін цифрландыру жүргізілді, бұл республиканың 272,5 миллион гектар аумағының 75 пайызын құрады.