Skip to content
Главная страница » 32 ЖЫЛДА ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАНША ЭТНИКАЛЫҚ ҚАЗАҚ ОРАЛДЫ

32 ЖЫЛДА ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАНША ЭТНИКАЛЫҚ ҚАЗАҚ ОРАЛДЫ

     Биылғы жыл басынан 4,5 мың астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды. ҚазАқпарат бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

    2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 4 575 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 111,1 мың этникалық қазақ оралды.

   Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың тең жартысы (52,4%) – Өзбекстаннан, 19,3% – Қытайдан, 6,3% – Түрікменстаннан, 5,3% – Моңғолиядан, 13% – Ресейден және 3,7% басқа елдерден келді.

   Олар негізінен Алматы (27,9%), Маңғыстау (13,9%), Түркістан (6,8%) және Жамбыл (5%) облыстарына, сондай-ақ Алматы (9,0%), Астана (11%) және Шымкент (6,5%) қалаларына қоныстанды.

  Осы жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны – 69,1%, еңбекке қабілетті жастан кішілер – 22,3% және зейнеткерлер 8,6% құрайды.

  Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінде білім деңгейі бойынша 18,5% – жоғары білімді, 39,9% – орта кәсіби білімді, 36,7% – жалпы орта білімді және 4,8% білімі жоқ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған