Skip to content

4 ЖЫЛ БҰРЫН ҚАЙҒЫЛЫ ОҚИҒА БОЛҒАН ШАМАЛҒАН СТАНЦИЯСЫНА «СЕРГЕК» КАМЕРАСЫ ОРНАТЫЛДЫ

      Осыдан төрт жыл бұрын қайғылы оқиға орын алған Алматы облысындағы Шамалған стансасының теміржол өткелінде «Сергек» аппараттық-бағдарламалық жүйесі орнатылды, деп хабарлайды Sanur.kz.

    Қадағалау органы мәліметінше, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу деректері жиі тіркелетін теміржол өткелінде бейнебақылау жүйесі орнатылды.
«Алматы облысының прокуратурасы жергілікті полиция департаментімен бірігіп, «Жол қозғалысының қауіпсіздігі» жобасын жалғастырып жатыр. Бір айда мобильдік топтармен 28 рейд жасалып, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 153 заң бұзушылықты анықтады. Қарасай ауданы Шамалған теміржол өткелінде «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешендер орнатылды», – делінген хабарламада.

     Сондай-ақ, «Алматы-Жандосов» жолында Қаскелең қаласының бұрылысында бағдаршам орнатылды. Әкімшілік полициямен Талғар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне жаяу жүргіншілер өткелі және басқа да шектеуші жол белгілерінің жоқтығы бойынша ұйғарымдар енгізілген.
Жоба аясында жол полициясы және көліктік бақылау инспекциясы бірлесіп 29 рейд жүргізді, нәтижесінде 360 тұлға әкімшілік жауапқа тартылды, оның ішінде 30 көлік жүргізушісі рульге мас күйінде отырған», – деп атап өтті прокуратура өкілдері.

    Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың 15 қыркүйегінде Шамалған станциясында пойыз бен автобус соқтығысқан болатын.
   

    Оқиға орнында автобус жүргізушісі мерт болып, тағы 3 адам Қарасай аудандық ауруханасының жансақтау бөліміне түсті.

       Кейін аталған дерек бойынша теміржолшы жауапқа тартылды. Сот оны 3 жыл 6 айға шартты түрде бас бостандығынан айырды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *