Skip to content

5,5МЛН ҚАРЖЫҒА КӘСІП БАСТАҒАН

     «Ауыл аманаты» жобасы аясында Жетісай ауданы Қарақай ауылдық округі бойынша 70  азамат несие алуға өтінім жолдаған. Бүгінде аталған жоба аясында облыстық комиссия қарауынан өтіп, өтінімдері мақұлданған тұрғындары өз кәсібін ашуда.  Несиелендірілген азаматтар ішінде мал шаруашылығын бастаған –Қарақай ауылдық округінің тұрғыны Али Сапаров. Шаруаның бүгінгі кәсібі қалай? өзгеде кәсіп бастағысы келетін аудан тұрғындарына шаруаның берер кеңесі қандай алдағы бейнематериалда айтылған, деп хабарлайды Sanur.kz.

   Мал шаруашылығын ашу мақсатында 2,5 пайыздық несие алуға өтінім берген Сапаров шаруа қожалығы төрағасының өтінімі мақұлданып қазірде өз кәсібін бастаған. Мемлекеттен алған 5,5млн теңге қаржыға Қызылорда облысынан 9 бас ірі қара әкеліп одан өндірілген сүт өнімдерін аудан орталығындағы сауда нүктелеріне жәнедеірі сүт өңдеу кәсіпорындарына жөнелтуде. Мемлкет тарапынан көрсетілген бұл бастаманың игілігі қарапайым халық үшін өте қолайлы деген қожалық төрағасының алғысы шексіз.

 АЛИ САПАРОВ
“Сапаров” шаруа қожалығының төрағасы  
   Адамдарға, шаруа қожалықтарға нағыз керек  нәрсе екен. Басқа банктер сияқты пәлен пайыз емес,2,5 пайыз болғанда кәдімгі қарапайым 5 жылда көп емес азын аулақ екен. Мысалы 5,5 млн қаржы алдым оның төлеу есептегенде айына 90-95мың теңге болады екен, оның үстіне 1 жыл көлемінде кәсібің дамып, бір жөнге келгенше несие төлеуден босатылады екенсің. Шаруашылығың кеңейеді, бұл жылғы ірі қаралар келесі жылға тағы туады сол секілді өзін өзі қамтамасы етеді. Жеңілдігі өте керемет. Халық бұл 2,5 пайыздық несиені алу керек оған қолдау білдіретін әкімшілік қызмеиткерлеріде бар.

   Бұған дейінде үй іргелік, отбасылық кәсіп болған бұл мал шаруашылығын кеңейтуді көздеген қожалық төрағасы қазірде мал азық өнімдерін шикізат күйінде сатып алып, оны арнай құрылғылардың көмегімен қайта өңдеудіде қолға алған. Алдағы уақытта мал азық жем шөп өнімдерін өзі өндіріп шығаруды мақсат еткен.

АЛИ САПАРОВ
“Сапаров” шаруа қожалығының төрағасы  
   Мал азық өнімдерін барынша жинап жатырмыз. Өзімде азын аулақ жер бар. Бұл жылы мұндай жоспар болмады, бірақ келесі жылдан бастап шөпті өзіміз егеміз. Әзірге шөпті де, жемді де сатып алып жатырмыз. Әзірге малды үйде ұстап отырмыз, сыртқа шығарып жатқан жоқпыз, үйде ұстап жем – шөбін үйде беріп жатырмыз. Оның үстіне ауылда да жайылым жердің жоқтығы да бар. Бұл ірі қарадан сүт өнімін өндіргендіктен үйде қарауды да қажет етеді.

   Кәсіп бастаймыз деген азаматтарды сүйемелдеуге дайынбыз деген округ әкімі аппаратының қызметкерлері кәсіп ашуға ниетті әрбір азаматтың құжаттары бойынша тыңғылықты істер атқаруда. Әзірге кәсіп ашуға ниетті 70 азаматтың өтінімі қабылданған,  Облыстық комиссия мүшелерінің қарауынан өткен құжаттар бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда.


АБДУКӘРІМ  ИСЛАМОВ
Қарақай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман, жер инспекторы
   70құжат тапрсырылған соңың қазірде 50 құжаты мақұлданып “Ырыс” микроқаржы ұйымына жолданған.  Қазірде ауылдық округ бойынша тұрғындар сүт бағытында кәсіп ашу мақсатында Қызылорда облысынан малдар әкелініп жатыр. Орташа есеппен әр тұрғынға 5млн-нан несие беріліп, 8-9 бас ірі қара әкелініп жатыр. Құжат рәсімдеу бойынша ешқандай кедергі жоқ. Округ әкімі аппаратына тұрғындар тек тұрғын үй құжаттарын әкелсе біз ешқандай кедергісіз қабылдап аламыз. Тағы бізде алтыншы бағыт бар ол дәнекерлеу цехы, наубайхана сынды кәісіп түрлерінің барлығына несие беріледі. Әзірге ауылдық округіміз бойынша бір ғана құжат тапсырылды.Ол дәнекерлеу ісі бойынша, қазірде бір өтінім беріліп, тағайындалды. Әзірге қаржысын алу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

    Айта өтейік ауылдық округ тұрғындарының басым бөлігі мал шаруашылығын ашуға ниетте. Ал, дәнекерлеу ісі бойынша өтінім берген ауыл тұрғынының өтінімін облыстық комиссия мүшелері тарапынан мақұлданса 8 млн теңге көлемінде несие алуға мүмкіншілігі бар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *