Оңтүстіккореялық Blackpink поп-тобының арнасы музыкалық топтар арасында ең қаралымы көп YouTube-арна деп танылып, Гиннес рекордтар кітабына енді, деп хабарлайды Sanur.kz Yonhap агенттігіне сілтеме жасап.
Топ арнасындағы видеоны тамашалаушылар саны 30 млрд-тан, ал жазылушы саны – 86,9 млн адамнан асқан.
Blackpink 2016 жылы құрылған. Ұжымның төрт мүшесі бар.
Топ Spotify-дағы ең танымал әйелдер тобы ретінде, сонымен қатар, Ұлыбритания мен АҚШ-тағы ең танымал альбомдар чартында бірінші орын алған әйелдердің алғашқы K-pop тобы ретінде Гиннес рекордтар кітабына енді.