Skip to content

BLACKPING ТОБЫ YOUTUBE-ТАҒЫ ҚАРАЛЫМ БОЙЫНША ГИННЕС РЕКОРДЫН ОРНАТТЫ

    Оңтүстіккореялық Blackpink поп-тобының арнасы музыкалық топтар арасында ең қаралымы көп YouTube-арна деп танылып, Гиннес рекордтар кітабына енді, деп хабарлайды Sanur.kz Yonhap агенттігіне сілтеме жасап.

   Топ арнасындағы видеоны тамашалаушылар саны 30 млрд-тан, ал жазылушы саны – 86,9 млн адамнан асқан.

        Blackpink 2016 жылы құрылған. Ұжымның төрт мүшесі бар.

    Топ Spotify-дағы ең танымал әйелдер тобы ретінде, сонымен қатар, Ұлыбритания мен АҚШ-тағы ең танымал альбомдар чартында бірінші орын алған әйелдердің алғашқы K-pop тобы ретінде Гиннес рекордтар кітабына енді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *