Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ОКҚ алаңында өткен брифингте блогерлер мен журналистердің қызметіне қатысты қойылған сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Sanur.kz тілшісі.
Блогерлердің жұмысы журналистермен теңестіріле ме? – деп сұрады БАҚ өкілдері министрден.
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева сұраққа жауап беріп, теңестірілмейтінін жеткізді.
Жоқ, теңестірілмейді. Ол үшін арнайы заң бар. Блогерлердің жедел ақпарат тарату құралының бәрі интернет-платформалар туралы заңмен реттеледі. Ал біздің (масс-медиа туралы заң – ред.) заңға оның қатысы жоқ, — деп жауап берді Ақпарат министрі ОКҚ-да.
Қазақстанда онлайн-платформалардың жұмыс істеуі, онлайн-жарнама жасау, орналастыру, тарату және сақтау, құқыққа қайшы контентті болғызбау және оның жолын кесудің құқықтық негіздерін айқындау мақсатында «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» заң жұмыс істейтінін еске сала кетейік.