Skip to content
Главная страница » АДВОКАТ, НОТАРИУС ЖӘНЕ ЖЕКЕ СОТ ОРЫНДАУШЫЛАРЫНА ЛИЦЕНЗИЯ ОНЛАЙН БЕРІЛЕДІ

АДВОКАТ, НОТАРИУС ЖӘНЕ ЖЕКЕ СОТ ОРЫНДАУШЫЛАРЫНА ЛИЦЕНЗИЯ ОНЛАЙН БЕРІЛЕДІ

    Алдағы уақытта елімізде адвокат, нотаруис, сот сарапшысы немесе жеке сот орындаушысы секілді мамандар қызметтік лицензияны онлайн қорғай алады. Толығырақ Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков айтып берді, деп хабарлайды Sanur.kz.

  «Бүгінде адвокат, нотаруис, сот сарапшысы немесе жеке сот орындаушысы лицензиясын алу үшін бірнеше кезеңнен тұратын міндет бар. Яғни бұған дейін жоғарыда аталған мамандықтар бойынша лицензия алғысы келетін кандидаттар Әділет департаментінде оны қорғап шығу керек. Одан қалды арнайы комиссияның түпкі шешімін күтеді. Егер лицензияны қорғай алмай қалсаң, қайта тапсыру үшін кем дегенде бір тоқсан күтесің. Енді біз бұл қызметті толықтай цифрландырмақпыз», – деді Бекболат Молдабеков ОКҚ-де өткен брифингіде.

  Оның айтуынша, енді адвокат, нотаруис, сот сарапшысы немесе жеке сот орындаушыларына қызметтік лицензия онлайн түрде беріледі. Пилоттық режимде алдағы наурызда іске қосылмақ.

  «Ендігі уақытта барлық процесс тек онлайн. Комиссияның отырысын күтудің қажеті жоқ. Маман практика, тағылымдамадан кейін компьютер (онлайн) арқылы тест тапсырып лицензияға ие бола алады. Сынақтан өте алмаған жағдайда бұрынғыдай 3 кемі ай емес, 1 аптадан соң қайта тапсыруына болады. Осылайша адами факторды жоямыз», – дейді ол.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған