Skip to content

ӘКІМДІКТЕРГЕ КӨКӨНІСТЕРДІ ҚОЙМДА ҰСТАМАЙ, НАРЫҚҚА ШЫҒАРУ ТАПСЫРЫЛДЫ

      Әкімдіктерге көкөністерді қоймада ұстамай, нарыққа шығаруды тапсырамын. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мәселелері бойынша жедел кеңесте Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин осындай тапсырма берді, деп хабарлайды Sanur.kz Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.

   Серік Жұманғарин өткен аптада көкөністерге бағаның өсу қарқыны бәсеңдегенімен, тұрақтамағанын атап өтті. Демек, тұрақтандыру қорларынан нарыққа шығарылатын әлеуметтік маңызы бар тауарлардың көлемі әлі де жеткіліксіз болып отыр.

Әкімдіктерге қорды қоймаларда ұстамай, көкөністерді сататын сауда нысандарының санын көбейте отырып, оларды үлкен көлемде нарыққа шығаруды тапсырамын, – деді Серік Жұманғарин.

   Кеңес барысында Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитеті төрағасының міндетін атқарушы Айдар Әбілдабеков айтқандай, бүгінде өңірлердің деректері бойынша айналымға 56,2 мың тонна көкөніс жіберілді. 18,4 мың тонна көкөніс, оның ішінде пияз – 4,9 мың тонна, қырыққабат – 2,8 мың тонна, картоп – 7,0 мың тонна, сәбіз – 3,6 мың тонна сатылды. Өткен аптада сәбіз бағасы – 0,6%-ға, қарақұмық – 0,5%-ға, қант – 0,3%-ға, күнбағыс майы және тауық еті – 0,2%-ға төмендеді.

    Сондай-ақ, Айдар Әбілдабеков делдалдық схемаларды анықтау жөніндегі өңірлік комиссиялардың жұмысы туралы хабардар етті. Оның айтуынша, жыл басынан бері Алматы мен Шымкент қалаларында комиссиялар тиімді жұмыс істеп келеді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *