Skip to content

ӘКІМДІКТЕРГЕ ЖҰМЫСЫН ЖАҢАША ҚҰРУҒА ТУРА КЕЛЕДІ — ТАЛҒАТ ҚАЛИЕВ

     Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен кеше өткен кеңестен әкімдер мен мемлекеттік орган басшылары қандай сабақ алуы тиіс? Бұл сауалға Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының басшысы Талғат Қалиев жауап берді, деп хабарлайды Sanur.kz.

   «Ең алдымен, Мәжіліс пен мәслихаттардың жаңа құрамының сайлануы жағдайында биліктің атқарушы органдары өкілдерінің өзара қарым-қатынас парадигмасы өзгереді. Бұл айтарлықтай деңгейде биліктің атқарушы және жергілікті органдарының жұмысына, облыстарда бюджеттік тәртіпке мүлдем басқа әдісті талап етеді. Облыстық деңгейде мәслихаттардың жартысы бірмандаттық, ал аудандарда 100 пайыз бірмандаттық болатынын ескерсек, инфрақұрылым жобаларына, елді мекендерді абаттандыру, жергілікті маңызы бар жол салу мәселесіне қатысты талап күшейеді. Әкімдіктер жұмысын мүлдем басқаша құрып, нәтижеге бағдарланады деп ойлаймын. Мұны Президент те айтып отыр», — деді Талғат Қалиев ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында.

   Оның пайымынша, бір жағынан Мемлекет басшысы тарапынан, екінші жағыннан халықтың өкілді органдары, яғни депутаттар арқылы талабы күшейеді.

  «Меніңше, әкімдіктерге, министрліктерге, Үкіметке жұмыс форматын айтарлықтай деңгейде қайта қарастыруға тура келетін сияқты», — деді институт басшысы.

    Сонымен қатар ол Президенттің бір өңірге ғана танымал тұлғаларға ескерткіш тұрғызуға қатысты сынына пікір білдірді.

    «Біз унитарлы мемлекетпіз. Бізде барлығына ортақ ұлттық ауқымдағы батырлар болуы тиіс. Бізге ұлттық ауқымдағы тұлғалар керек. Барлық жағынан біз шет аймақтық емес, бірікктіретін, шоғырлатындыратын бейнеге бағдарлануымыз қажет», — деді Талғат Қалиев.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *