Skip to content

АҚСАҚАЛҒА ПРЕЗИДЕНТТІҢ ХАТЫ ТАПСЫРЫЛДЫ

   Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Мақтаарал ауданының тұрғыны, қазыналы қария, еңбек ардагері Әбдіғаппар Сыбанбаевты қабылдады. Кездесуде ақсақал облыста атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп, ұсыныстарын ортаға салды. Ақ батасын берді. Бұл туралы Sanur.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
 
Бұған дейін мақтааралдық ақсақал ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жолдаған болатын. Президент тұрғынның ықыласын қабыл алып, жауап хат жазған. Аталған хатты облыс әкімі Әбдіғаппар ақсақалға тапсырды. Сонымен бірге өңірді дамыту жұмыстары туралы баяндап, ел ағасына құрмет көрсетті.
 
Әбдіғаппар Сыбанбаев – еңбек ардагері. Ауыл шаруашылығы саласында еңбек еткен. 10 перзенттің әкесі. Бүгінде перзенттерінен 36 немере, 24 шөбере сүйіп отыр.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *