Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 433- 438 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды Sanur.kz.
Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 433 – 436 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Алматыда доллар бағамы 433 – 438 теңге аралығында құбылып тұр.
3 наурыз кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 4, 47 теңгеге қымбаттап, 431, 06 теңге болған.
Ұлттық банктің 6 ақпандағы ресми бағамы – 1 долларға 431, 08 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,72 теңге болды.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 5,5 – 5,75 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Астанада көрші ел валютасы 5,6 – 5,7 теңгеден сатылуда.