Skip to content

АҚША АЙЫРБАСТАУ ОРЫНДАРЫНДА ДОЛЛАР 441-447 ТЕҢГЕДЕН САТЫЛЫП ЖАТЫР

      Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 441- 447 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды Sanur.kz.

     Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 441 – 445 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар бағамы 442 – 447 теңге аралығында құбылып тұр.

    9 наурыз кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2, 63 теңгеге қымбаттап, 441, 16 теңге болған.

      Ұлттық банктің 10 наурыздағы ресми бағамы – 1 долларға 441, 12 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,82 теңге болды. Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 5,7 – 5,95 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 5,7 – 5,77 теңгеден сатылуда.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *