Skip to content

АҚША АЙЫРБАСТАУ ОРЫНДАРЫНДА ДОЛЛАР 448-457 ТЕҢГЕДЕН САТЫЛЫП ЖАТЫР

     Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 448- 457 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды Sanur.kz.

     Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 448-453 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар бағамы 452-457 теңге аралығында құбылып тұр.

     10 наурыз кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 5, 85 теңгеге қымбаттап, 447, 01 теңге болған. Ұлттық банктің 13 наурыздағы ресми бағамы – 1 долларға 445, 98 теңге.

    Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,87 теңге болды. Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 5,7-5,95 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 5,82-5,92 теңгеден сатылуда.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *