Skip to content
Главная страница » АҚША АЙЫРБАСТАУ ОРЫНДАРЫНДА ДОЛЛАР 453-458 ТЕҢГЕДЕН САУДАЛАНЫП ЖАТЫР

АҚША АЙЫРБАСТАУ ОРЫНДАРЫНДА ДОЛЛАР 453-458 ТЕҢГЕДЕН САУДАЛАНЫП ЖАТЫР

      Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 453- 458 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды Sanur.kz.

       Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 453,5– 456,5 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар бағамы 454 – 458 теңге аралығында құбылып тұр.

       27 наурыз кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1, 42 теңгеге қымбаттап, 458, 63 теңге болған.

     Ұлттық банктің 28 наурыздағы ресми бағамы – 1 долларға 458, 87 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 6,00 теңге болды. Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 5,75 – 6,05 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 5,83 – 5,92 теңгеден сатылуда.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған