Skip to content

АҚША АЙЫРБАСТАУ ОРЫНДАРЫНДА ДОЛЛАР АРЗАНДАДЫ

      Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 451- 456 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды Sanur.kz.

      Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 451-455 теңгеден сатылып жатыр.

        Ал Алматыда доллар бағамы 452,5-456 теңге аралығында құбылып тұр.

     24 сәуір кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,03 теңгеге төмендеп, 456,40 теңге болған.

     Ұлттық банктің 25 сәуірдегі ресми бағамы – 1 долларға 456, 34 теңге.

     Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,62 теңге болды.

  Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 5,5-5,7 теңге аралығында саудаланып жатыр.

      Астанада көрші ел валютасы 5,48-5,58 теңгеден сатылуда

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *