Skip to content

АҚША АЙЫРБАСТАУ ОРЫНДАРЫНДА ДОЛЛАР ҚАНШАДАН САУДАЛАНЫП ЖАТЫР

      Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 451- 457 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды Sanur.kz.

     Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 451,8 – 456,8 теңгеден сатылып жатыр.

      Ал Алматыда доллар бағамы 452 – 457 теңге аралығында құбылып тұр.
19 сәуір кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 4, 51 теңгеге қымбаттап, 455, 59 теңге болған.

     Ұлттық банктің 20 сәуірдегі ресми бағамы – 1 долларға 455, 07 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,58 теңге болды.

   Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 5,45 – 5,75 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 5,53 – 5,63 теңгеден сатылуда.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *