Skip to content

АЛДАҒЫ ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ АУА РАЙЫ ҚАНДАЙ БОЛАДЫ

   Қазгидромет синоптиктері 18-20 ақпан аралығындағы ауа райына болжам жасады, деп хабарлайды Sanur.kz. 

 Батыс циклон және атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.

   Қар жауады, республиканың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар жауады деп болжанып отыр.

  18 ақпанда Жамбыл, Алматы, Жетісу облыстарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

   Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.

  Еліміздің оңтүстік жартысында – көктайғақ, солтүстік жартысында – жаяу бұрқасын соғады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *